kz.oriflame.com
RU KZ

Басқаларға ұқсамайтын компания

1967 жылы ағайынды Йонас пен Роберт аф Йокник табиғи швед ингредиенттерінен жасалған Oriflame деп аталатын косметиканы өндіруді және сатуды бастады. 2022 жылы бұл «стартап» 55 жылдығын атап өтеді.

Oriflame - швед жүрегі бар бренд. Біз табиғаттан шабыт аламыз, инновацияларға ұмтыламыз және планетаның болашағын ойлаймыз.

Стокгольмнен, сүйіспеншілікпен: Oriflame - әлемнің 60+ елінде ұсынылған жалғыз швед косметикалық бренді.

Біз сұлулықты әлемнің кез келген жеріндегі әрбір әйелге қолжетімді етуге тырысамыз. Біз оны жүзеге асырдық: тапсырыстардың 98%-ы онлайн орналастырылады.

Біз сұлулықты әлемнің кез келген жеріндегі әрбір әйелге қолжетімді етуге тырысамыз, және де біз дұрыс жолда келе жатырмыз: Oriflame-нің кеңселері Қазақстанның 59-ға жуық елді мекенінде ұсынылған, ал Oriflame серіктестері әр елді мекенде бар.

Байланыс бірінші орында: әлеуметтік желілерде біздің онлайн қоғамдастығымыздың мыңдаған жазылушылары бар

Миллиондаған адамдар қателесе алмайды: әлемнің 60 елінде тіркелген 3 миллион бизнес серіктестер.

Туған жеріміз - Стокгольм, тері күтімі саласында бірегей технологияларды әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институтымыз дәл осы жерде орналасқан.

Біз тек сенімді, этикалық көздерден алынған косметикалық ингредиенттерді пайдаланамыз және ЕО-та тыйым салынған ингредиенттерді пайдаланбаймыз*.

*2020 ж. Oriflame-нің тұрақты даму есебінің деректері бойынша. Есептеме Oriflame_SustainabilityReport_2020_0.pdf сілтемесі бойынша жарияланған, 70 бетті қараңыз. Есептемені Oriflame Holding Ltd. 2021 жылы дайындаған.

Қауіпсіздік және инновация – біздің екінші атымыз: біз әрбір өнімнің мінсіз және қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін 7000-нан астам еріктілермен жыл сайын 150-ден астам клиникалық және тұтынушылық зерттеулер жүргіземіз.

Біз инновациялық өнімдерді жасап шығарамыз. Бізбен соңғы техникалармен жабдықталған үш түрлі зертханада 100-ден астам ғалымдар жұмыс жасайды.

2020 жылы біз In CDP Forest рейтингінде өз деңгейімізді "Климаттың өзгеруімен күресу мәселесін шешудегі көшбасшылық" - ең жоғары А көрсеткішіне дейін көтердік*

*2020 ж. Oriflame-нің тұрақты даму есебінің деректері бойынша. Есептеме Oriflame_SustainabilityReport_2020_0.pdf сілтемесі бойынша жарияланған, 4 бетті қараңыз. Есептемені Oriflame Holding Ltd. 2021 жылы дайындаған.

Oriflame Financial Times нұсқасы бойынша Еуропадағы климат көрсеткіштері бойынша көшбасшылар тізіміне енді. Негізгі жетістік – 2014-2019 жылдар аралығында парниктік газдар шығарындыларының 26,1%-ға қысқаруы. Жалпы алғанда, рейтинг осы кезеңде парниктік газдар шығарындыларын барынша азайтуға қол жеткізген 300 компаниядан тұрады, және де Орифлэйм онда лайықты орын алады.

Ғаламшарға деген қамқорлықпен: біз CO2 шығарындыларын 76% қысқарттық, біз тек 100% жаңартылатын энергия көздерімен жұмыс істейміз, парниктік газдар шығарындыларын азайтудамыз және тіпті конференцияларды да экологияны ескере отырып өткіземіз, бұл тәуелсіз South Pole компаниясымен расталған.

Жыл сайын біз Үндістан мен Индонезиядан бастап Қытай мен Мексикаға дейін дүние жүзінде 10 миллионға жуық ағашты сақтаймыз.

Біздің каталогтар ормандарға қамқорлық жасай отырып өндіріледі: қағаздың 99%-ы сертификатталған көздерден немесе қайта өңделген материалдардан алынған.

2019 жылдан бастап Орифлэймнің барлық халықаралық конференциялары климатқа бейтарап (South Pole тәуелсіз компаниясы растаған). Біз барлық аспектілерде климатқа әсер етуді азайтамыз: жоспарлау, қонақ үйлер мен алаңдарды таңдау, тасымалдау, тамақтану, материалдар өндірісі және т.б.

2018 жылдан бері Орифлэйм басқаратын барлық объектілерде электр қуаты 100% жаңартылатын көздерден алынады.

Tender Care жұмсартушы құралы - 1980 жылдан бері біздің жұлдызды өніміміз және әлемдегі абсолютті бестселлер. Бұл күтімде және тіпті макияжда қолданудың ондаған тәсілі бар брендтің әмбебап өнімі.

Love Nature өнімдер топтамасы - табиғатты аялай отырып, теріге күтім жасау. Біздің парабенсіз және силиконсыз өнімдеріміз органикалық сығындылар негізінде жасалған. Біз тек табиғи қабыршақтайтын бөлшектерді қолданамыз - ол ағынды суға түсіп, бактериялармен және тірі организмдермен қайта өңделуі мүмкін, яғни ол дүниежүзілік мұхиттарға зиян келтірмейді. Биологиялық ыдырайтын қаптама.

Beautanicals өнімдер топтамасы 95% табиғи ингредиенттерден, парабенсіз және силиконсыз биоыдырайтын формуладан жасалған. Сонымен қатар, ол Веган қоғамымен сертификатталған - бұл оның құрамында жануарлардан алынатын ингредиенттер жоқ екенін білдіреді. Экологиялық таза қаптама: бұл топтаманың құтылары 100% қайта өңделген пластиктен жасалған, ал түтіктер - 55%.

*Веган қоғамы (ағылш.Vegan Society) — тұтынудың және жалпы өмірдің этикалық мәдениетін насихаттайтын Ұлыбританияда тіркелген қайырымдылық ұйым.

.SE хош иісінің құтысы және қаптамасы 100% қайта өңдеуге жарамды. Сонымен қатар, құты 40% қайта өңделген шыныдан жасалған. Хош иістер 100% табиғи спиртке негізделген, ол синтетикалық спиртке қарағанда экологиялық таза. Патенттелген, қауіпсіз технологиялар, Scent.Trap® және Pure.Scent®, өсімдікті жоймай-ақ, оның иісін сезуге көмектеседі.

Әдемі сіз және әдемі планета - сөзсіз! 2015 жылдан бастап біздің барлық скрабтарда көкнәр мен бадам қабығынан бастап тұзға дейін 100% табиғи қабыршақтайтын ингредиенттер пайдаланылады.

Сәбилерге арналған Baby O сериясы 95% табиғи ингредиенттерден тұрады, парабендерсіз және силиконсыз, агрессивті ингредиенттерсіз, аллергендерсіз және табиғиге ұқсас консерванттардың минималды мөлшерін қолданумен биологиялық ыдырайтын формуладағы швед сұлы майы (жергілікті швед фермаларында алынған). Әрбір өнім дерматологиялық және аллергологиялық сынақтан өткен және нәрестелердің сезімтал терісі үшін қауіпсіз екені танылған.

Біз ең озық технологиялық тері күтімі өнімдерін мақтан тұтамыз! Клиникалық сынақтардың, өсімдік дің жасушалары саласындағы ғылыми жетістіктер мен зерттеулердің арқасында NovAge өнімдерінің топтамасы әйелдерді өз жасынан үлкенірек етіп көрсететін 12 негізгі қартаю белгілеріне бағытталғаны дәлелденді. Бірақ сіздің теріңіз жасыңызды көрсетпеуі керек! Жасырақ көрінгіңіз келсе, NovAge өнім желісін таңдаңыз

55 жылдық мерейтойымызды бізбен бірге атап өтіңіз. Ең жақсы швед ғалымдары әзірлеген жоғары сапалы табиғи өнімдері бар Wellness бренді дұрыс тамақтану және биологиялық белсенді қоспалар әлемінде сіздің жетекшіңіз болады. Бізбен сіз өз өміріңіздің сапасын жақсартып, оны белсендірек және сау етуді үйренесіз!

Біз су қорларына тәуелділікті одан әрі азайту үшін қатты сусабындар сияқты сусыз өнімдерді жасау жолдарын іздеп жатырмыз. 2025 жылға қарай біз сусыз жаңа өнімдерді жасап шығарамыз, олар негізгі өнімдер ассортиментінің бөлігі болады.

Әр минут сайын әлемде 30 әйел Oriflame ерін далабының бақытты иесіне айналады

*01.01.2020 мен 31.12.2020 аралығында Орифлэйм жұмыс істейтін барлық аймақтардағы ерін далабы сатылымының деректері негізінде.

Біз ешқашан бір орында тұрмаймыз: 1977 жылы Oriflame-нің алғашқы хош иісі жарыққа шықты. Ал бүгінгі таңда біз жылына 35 миллионнан астам хош иістерді сатып келеміз*

*1.01.2020 және 31.12.2020 ж. аралығында Oriflame Cosmetics Global SA әлемдік сатылымдардың нәтижелері бойынша

Біз болашақты ойлаймыз: 2025 жылға қарай тері күтіміне арналған жаңа өнімдердің және жеке гигиенаға арналған жуылатын құралдардың барлығы биологиялық ыдырайтын формулалармен шығарылатын болады. Орифлэймнің пластикалық қаптамасының едәуір бөлігі қайта өңделген немесе басқа да экологиялық таза материалдардан жасалады.*

*2020 ж. Oriflame-нің тұрақты даму есебінің деректері бойынша. Есептеме Oriflame_SustainabilityReport_2020_0.pdf сілтемесі бойынша жарияланған. Есептемені Oriflame Holding Ltd. 2021 жылы дайындаған.